Қазақстан аумағында 24 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясының аясында Шардара аудандық білім бөлімінің «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» науқанын 24 қараша -10 желтоқсан аралығында өткізілетін іс-шара жоспарына сәйкес, 06.12.2023ж Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектепте "Отбасындағы әкенің рөлі" тақырыбында мектеп педагог-психологы Ахметова Х.М. 9-сынып әкелерімен дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: бала тәрбиесінің отбасынан басталатынын түсіндіру. Дөңгелек үстелде отбасы жөнінде ашық пікір тыңдалып, оқушылар қойған көріністен ситуациялық жағдаяттарды шешуге белсенді қатысты.