Қазақстан аумағында 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясының аясында Шардара аудандық білім бөлімінің «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» науқанын 24 қараша -10 желтоқсан аралығында өткізілетін іс-шара жоспарына сәйкес, 30.11.2023ж Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектепте 8-сынып оқушыларымен зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мектеп педагог-психологтары Ахметова Х.М, Тәңірберген Л.Қ және мектептің әлеуметтік педагогтары Бегалиева Р.Т, Тағайханова А.Б. қатысуымен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг барысында оқушыларға зорлық-зомбылықтың түрлері таныстырылды және оқушылармен қызықты жаттығулар жасалып, ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.