Қазақстан аумағында 24 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясының аясында Шардара аудандық білім бөлімінің «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» науқанын 24 қараша -10 желтоқсан аралығында өткізілетін іс-шара жоспарына сәйкес, 28.11.2023ж Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектепте «Балалардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері» тақырыбында кеңес өткізілді. Кеңеске мектеп директоры Халмурзаева С.Б, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Садиярова М.А, педагог-психолог-Ахметова Х.М, Сагатюк Э.В, Тәңірберген Л.Қ, әлеуметтік педагог-Бегалиева Р.Т қатысты. Кеңесте аудандық білім бөлімінің "Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік"»науқаны жоспарына сәйкес мектепішілік 24-қараша мен 10-желтоқсан аралығында өтетін іс-шаралар жоспары талқыланып, қауіпсіз орта құрудың маңыздылығы айтылды.